Accessibility links

Қырғызстанның Ош облысында сел жүрді


Қырғызстанның оңтүстігінде - Ош облысында 26 сәуірде сел жүріп, 200 үйді су алып кетті. Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, нөсер жауыннан сел жүріп, облыстың Өзген, Қара-Құлжа және Қара-Су аудандарының бірнеше ауылын су шайған.

Тұрғындар селден үйлері зардап шегіп, малдары жоғалғанын айтады. Ондаған гектар егістік жерді де су шайған.

Фермерлердің айтуынша, оларға егістік жерлерін тазалап, дәнді дақылдарын қайта отырғызу үшін қаржы қажет. Қазір селден кейін тазалау жұмыстары жүріп жатыр.
XS
SM
MD
LG