Қытайдың танымал диссиденттерінің бірі, зағип Чэн Гуанчен үйқамақтан қашып, премьер-министр Вэнь Цзябаоның атына видеоүндеу жіберді.
Интернетте жарияланған видеоүндеуде Чэн Гуанчен үкіметті өзінің отбасы мүшелерінің соққыға жығылғанын тексеруді, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және елдегі коррупциямен күресуді сұрайды.
Адам құқықтарын қорғаушылар Чэн Гуанченнің Шаньдун провинциясының Доншигу қыстағындағы үйінен 22 сәуірде қашып шыққанын айтады. Кейбір хабарларға қарағанда, Чэн қазір Пекиндегі АҚШ елшілігінде. Бірақ елшілік бұған қатысты түсінік бермеді.
Чэн Гуаншен бір жарым жылдан астам уақыттан бері үйқамақта отырып келеді. Оның алдында ғана диссидент төрт жыл түрмеде отырып шыққан. Чэн Гуанчен бірнеше рет Қытайдың "бір отбасыға - бір бала" саясатының шеңберінде әйелдерге күштеп стерилизация, аборт жасалып, құқықтарының бұзылып жатқанын айтқан болатын.
Алдағы апталарда Қытайға АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон келмек. Клинтон бұған дейін Қытай билігінен Чэн Гуанченді босатуды сұрап келген болатын.