Accessibility links

Шымкентте полиция "Қарсылық жиынын" болдырмады


Шымкентте полиция "Қарсылық жиынына" кедергі жасап, жиынға келген адамдарды таратып жіберді. Бұл жөнінде Азаттық тілшісіне жиынға қатысқан, аты-жөнін атамауды өтінген шымкенттік тұрғын хабарлады.

Оның айтуынша, сағат 11 шамасында қалалық ипподромға жиынға қатысушылар жиналып жатқанда 50-ге тарта полицей келіп, оларды қумақ болған. "Бірақ арамызда жасы 80-нен асқан ақсақал бар еді. Сол кісі Жаңаөзенде кісі өліп, елді қымбатшылық жайлап бара жатқанын айтып, полицейлердің өздерін ұрсып, басып тастады" дейді.

"Полицейлер жиынға келгендерді қайтара алмаған соң, аудандық прокурордың бірін шақырды. Бір сағатқа жетер-жетпес уақытта жиналмаған күйі тарқадық" дейді тұрғын.

Сенбіде Қазақстанның бірнеше қаласында оппозиция ұйымдастырған "Қарсылық жиыны" аясында наразылық, Жаңаөзен құрбандарын еске алу еске алу шаралары болып өтті.
XS
SM
MD
LG