Accessibility links

Қарсылық жиынына қатысқан үш адам қамалды


Азаматтық белсенді Айгүл Кохаева қарсылық жиынында. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.
Азаматтық белсенді Айгүл Кохаева қарсылық жиынында. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.
ЖСДП-ның Алматыдағы филиал жетекшісі Әмірбек Тоғысовтың Азаттық радиосына хабарлауынша, «митингіге белсенді түрде қатысқаны үшін» 28 сәуірде Алматы қаласында үш адам 15 тәулікке қамалған. Олар - «Ар.Рух.Хак» ұйымының жетекшісі Бақытжан Төреғожина, суретші Қанат Ибрагимов және азаматтық белсенді Лариса Бояр.

Бақытжан Төреғожина мен Лариса Бояр акция басталмай тұрып ұсталған. Қанат Ибрагимов өзін ұстаған кезде күш қолданды деп полицейлердің үстінен арызданған. Бірақ прокурор оған қатысты пікір білдірмеген.

Биылғы ақпан айында түрмеден шыққан оппозициялық белсенді Ермек Нарымбаевқа 20 айлық есептік көрсеткіш (200 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салынды. Дәл осындай айыппұл азаматтық белсенді Айгүл Кохаеваға да салынған. Тағы бір Тазабек Сәметбай есімді белсенді 19 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айып төлейтін болып міндеттелген.
XS
SM
MD
LG