Accessibility links

Қытай диссиденті АҚШ-тан саяси баспана сұрамайды


Қытайлық диссидент Чен Гуанчен
Қытайлық диссидент Чен Гуанчен
Қытайлық зағип диссидент, қоғамдық белсенді Чен Гуанчен Бейжіңдегі АҚШ елшілігін паналаса да, Америкадан саяси баспана сұрамайтынын айтқан. Бұл туралы 30 сәуір күні оның жақтасы, диссидент Ху Цзя хабарлады.

Чен Гуанчен - Қытайдың ұрықсыздандыру саясатын әшкере қылу арқылы танылған азаматтық белсенді. Ол 22 сәуір күні Шаньдун провинциясындағы үй қамағынан қашып шығып, өткен сенбі күні Бейжіңдегі АҚШ елшілігіне жетті деп хабарланған болатын.

Бұл оқиға Қытай мен АҚШ арасындағы жоғарғы деңгейдегі келіссөздерге түрткі болды. 3 мамыр күні Бейжіңде бұл мәселені талқылауға АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон қатыспақшы. Америкалық билік өкілдері "Чен - АҚШ-тың қорғауында" деген мәліметті растамады. The New York Times газеті Ченнің мәселесін қарастыру үшін Бейжіңге АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Курт Кэмпбелл жетті деп хабарлады.
XS
SM
MD
LG