Accessibility links

Ірі мұсылман елдер Әл-Қаиданы жаратпайды


Базарда сатылып жатқан Усама бен Ладеннің плакаты. Кветта, 5 қыркүйек 2011 жыл
Базарда сатылып жатқан Усама бен Ладеннің плакаты. Кветта, 5 қыркүйек 2011 жыл
Америкалық Pew Research Center зерттеу орталығы жасаған арнайы сауалнама нәтижесі бойынша бес ірі мұсылман мемлекеттің тұрғындары "Әл-Қаида" ұйымының қызметін жаратпайды.

Global Attitudes Project жобасы бойынша сауалнама ұйымдастырған компания оның нәтижесін Усама бен Ладеннің қазасының бір жылдығы қарсаңында жариялады.

Зерттеуге сәйкес египеттіктердің 71 пайызы, йорданиялықтардың 77 пайызы, түріктердің 73 пайызы, ливандықтардың 98 пайызы "Әл-Қаида" туралы теріс пікірде. Бұл ұйымның қызметін құптайтын адамдардың саны бойынша Египет алда тұр - 21 пайыз.

Бен Ладен қаза тапқан Пәкістанда сұралғандардың 55 пайызы "Әл-Қаиданы" ұнатпайды, 13 пайызы іш тартады, ал 30 пайызы қандай да бір пікір айтудан тартынады. Зерттеушілер Пәкістанның кейбір аймақтарына кіріп, сауалнама жүргізуге қауіптенгендерін айтады.
XS
SM
MD
LG