Францияның тым оңшыл саясаткері Жан-Мари Ле Пен ханым 6 мамыр күні өтетін президенттік сайлаудың екінші айналымына шыққан екі кандидатқа да дауыс бермеймін деп мәлімдеді. Ле Пен бұл сөзді 1 мамыр күні Парижде өткен шеру кезінде айтқан.
Жан-Мари Ле Пен 22 сәуір күні өткен президенттік сайлаудың алғашқы айналымында 20 пайыз дауыс жинап үшінші орын алған болатын. Саясаткер қазіргі президент Николя Саркозиді де, социалист Франсуа Олландты да қолдамайтынын айтты. Ол өзінің сайлаушыларын "ар-ұяттарына жүгініп" дауыс беруге шақырды. Ал өзі сайлау жәшігіне бос бюллетень тастайтынын хабарлады.