БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяның мемлекеттік үш компаниясына қарсы санкция салды. Санкция өткен айда БҰҰ-ның тыйым салғанына қарамастан ғарышқа спутник ұшыруға әрекеттенген Пхеньянға жауап ретінде жасалып отыр.
Сәуірдің ортасында Солтүстік Корея ұшырған спутник ғарышқа шыға алмай, теңізге құлаған еді. Оңтүстік Корея, АҚШ және Жапония мұны спутник емес, баллистикалық зымыран деп санаған.
Санкция салынған компаниялардың Пхеньянның ядролық бағдарламасы мен қару-жарақ саласына қатысы бар. Санкция бойынша, ол компаниялармен сауда жасасуға тыйым салынады және олардың шетелдердегі активтері бұғатталады.
АҚШ пен Еуропа Одағы Солтүстік Кореяның басқа да ондаған компаниясына қатысты санкция салмақ болған. Бірақ оған Қытай қарсы шықты.