Accessibility links

Мәскеуде зымыраннан қорғанысқа арналған жиын басталды


Ресейдің қорғаныс министрі Анатолий Сердюков.
Ресейдің қорғаныс министрі Анатолий Сердюков.
Мәскеуде бейсенбіде зымыраннан қорғаныс мәселелеріне арналған екі күндік конференция басталды. Оған әлемнің 50-ден астам мемлекетінің өкілдері қатысып жатыр.

Жиында Ресейдің қорғаныс министрі Анатолий Сердюков "Мәскеу мен Вашингтон НАТО-ның Еуропадағы зымыранға қарсы қорғаныс жүйесіне қатысты келіссөздерде келісімге келе алмады" деп мәлімдеді. Оның айтуынша, тараптар екі жаққа да тиімді шешім таба алмаған.

Мәскеу АҚШ бастаған НАТО-ның Еуропадағы зымыраннан қорғаныс жүйесін ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп бағалайды. Ал Вашингтон "радарлар мен зымыран батареялары Ресейге қатер төндірмейді, керісінше еуропалық одақтастарын Иран сияқты елдерден қорғайды" дейді.

Ресей мен НАТО 2010 жылы зымыраннан қорғаныс саласында ынтымақтасуға келіскенімен, ол жүзеге аспады.

Жиынға АҚШ өкілдері де қатысып отыр.
XS
SM
MD
LG