Дағыстанның Махачкала аймағында бейсенбіде қуатты екі жарылыс болып, 15 адам құрбан болды. 30 адам жараланған.
Ресейдің ұлттық антитеррористік комитетінің хабарлауынша, алғашқы жарылыс көлікті полиция тексеру үшін тоқтатқан кезде болған. Екінші жарылыс оқиға орнына қосымша полиция мен жедел жәрдем көліктері келген кезде болған. Жарылыстың екпіні жақын маңдағы газ құбырын да зақымдаған.
Солтүстік Кавказ аймағында ислам халифатын құруды көздейтін топтар әрекет ететін Дағыстанда терактілер жиі болып тұрады. Ресей президенті Дмитрий Медведев Дағыстандағы жағдайды Ресейдің ұлттық қауіпсіздігіне басты қатер деп сипаттаған.