Accessibility links

Путин Тимошенконы Ресейде емдетуге шақырды


Владимир Путин мен Юлия Тимошенконың премьер-министр болып тұрған кездегі кездесулері. Мәскеу, 29 сәуір 2009 жыл. Көрнекі сурет.
Владимир Путин мен Юлия Тимошенконың премьер-министр болып тұрған кездегі кездесулері. Мәскеу, 29 сәуір 2009 жыл. Көрнекі сурет.
Ресейдің жаңа сайланған президенті Владимир Путин Украина билігіне "сотталған экс премьер-министр Юлия Тимошенконы Ресейде емдеуге жіберу жөнінде" ұсыныс айтты. Өткен жылдың қазанында "қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айыппен жеті жылға сотталған Тимошенко өткен айда өзін түрмеден ауруханаға күштеп жатқызғанын, ұрып-соққанын айтқан еді.

Путин Еуропа елдерінің Украинада маусымда басталатын футболдан Еуропа чемпионатына бойкот жариялауына қатысты да пікір білдіріп, "қандай жағдай болмасын, спортты саясиландыруға болмайды" деді. Ол бұл пікірін Халықаралық олимпиада комитеті де қолдайтынын айтты.

Бейсенбіде Украинамен бірге чемпионатты өткізетін Польша премьері Дональд Туск де Тимошенконың жағдайына алаңдап отырғанына қарамастан, Еуропа елдерін чемпионатқа бойкоттан бас тартуға шақырды. Ол "бірнеше жыл дайындалғанда чемпионаттың бойкоттың кесірінен өтпей қалғанын Тимошенконың өзі құптамайтын еді" деді.

Украинада өтетін футболдан Еуропа чемпионатына Германия мен Австрия бойкот жариялаған.
XS
SM
MD
LG