Accessibility links

Нигерияда терактіден 34 адам қаза тапты


Кано қаласында полиция бекетінде болған жарылыс. Нигерия, 20 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Кано қаласында полиция бекетінде болған жарылыс. Нигерия, 20 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Нигерияның солтүстік-шығысындағы Потискум қаласында қарулы топ үлкен мал базарын өртеген кезде 34 адам қаза болды.

Полицияның мәліметінше, шабуыл мен өрт кезінде топ 20-дан астам жарылыс жасап, түрлі қару қолданған. Осы аптаның басында да осы базарда мал сататын үш адам кісі қолынан қаза тапқан еді.

Ел президенті Гудлак Джонатан аймақта радикалды исламшыл "Боко Харам" тобы жиі шабуыл ұйымдастыратындықтан төтенше жағдай жариялады. Терактіні әзірге ешкім мойнына алған жоқ.
XS
SM
MD
LG