Accessibility links

Лұқпан Ахмедьяров ауруханадан шықты


«Уральская неделя» газетінің журналисі Лұқпан Ахмедьяров. Алматы, 14 желтоқсан 2009 жыл.
«Уральская неделя» газетінің журналисі Лұқпан Ахмедьяров. Алматы, 14 желтоқсан 2009 жыл.
Белгісіз біреулердің қастандығынан жараланған журналист Лұқпан Ахмедьяров бүгін ауруханадан шықты деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Оқиғадан соң 16 күн емделген журналистің айтуынша, ол тағы біраз уақыт жұмысқа кірісе алмайды.

«Уральская неделя» газетінің журналисі Лұқпан Ахмедьяровқа сәуірдің 19-ы күні үйінің алдында белгісіз біреулер қарулы қастандық жасап, ол ауыр халде ауруханаға түскен еді. Операция жасаған дәрігерлер журналистің сегіз жерден пышақталғанын, резеңке оқтан жараланғанын айтқан.

Лұқпан Ахмедьяровқа жасалған қастандыққа байланысты қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлімі, 96-бабының 1-бөлімі (қасақана адам өлтіруге оқталу) бойынша іс қозғалған.
XS
SM
MD
LG