Accessibility links

Чэнь Гуанчен АҚШ-қа кете алады


Чэнь Гуанчэн АҚШ елшілігінде отыр. Пекин, 2 мамыр 2012 жыл.
Чэнь Гуанчэн АҚШ елшілігінде отыр. Пекин, 2 мамыр 2012 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның Қытайға жасаған сапары аяқталды. Сапар барысында қытайлық зағип диссидент әрі құқық қорғаушы Чэнь Гуанченге байланысты келісссөздер жасалды.

Екі тараптың келісімі бойынша, диссидент отбасымен бірге АҚШ-қа кете алады. Құқық қорғаушы бұған дейін өзі мен жақындарының амандығына бола Қытайдан кеткісі келетінін айтқан еді.

Үйқамақта 19 ай отырған соң АҚШ елшілігіне қашып барып, алты күннен кейін ол жерден шыққан Чэнь Гуанчен қазір Пекиндегі ауруханалардың бірінде жатыр.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Виктория Нуландтың айтуынша, Нью-Йорктегі бір университет Чэнь Гуанченді оқуға шақырған.
XS
SM
MD
LG