Accessibility links

Арменияда парламент сайлауы өтіп жатыр


Парламент сайлауында дауыс беріп жатқан еревандық. 6 мамыр, 2012 жыл
Парламент сайлауында дауыс беріп жатқан еревандық. 6 мамыр, 2012 жыл
6 мамыр күні Армения халқы парламент мүшелерін сайлап жатыр. Армян үкіметі сайлау әділ, әрі ашық түрде өтеді деп мәлімдеді.

Ресейлік бақылаушылардың бірі Азаттық радиосының Армян қызметіне дауыс беру процесі заңды түрде өтіп жатыр деп хабарлаған. Сауалнама нәтижелері бойынша Республикашылар партиясы мен оның одақтасы - Бақуатты Армения партиясы сайлаушылардың 60 пайыздан астам дауысын жинауы мүмкін. Мұндай жағдайда үкімет құрамы айтарлықтай өзгере қоймайды.

Бірақ бұрынғы президент Левон Тер-Петросян бастаған оппозициялық Армян ұлттық конгресі заң шығарушы ұйымдағы біраз орында жеңіп алуы мүмкін.

ЕЫҚҰ-нан арнайы келген 300-ден аса бақылаушы Армениядағы сайлауды қадағалап отыр. Бұл ұйым 2007 жылы Арменияда өткен парламенттік сайлау халықаралық стандартқа сай келмеді деп мәлімдеген еді. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша кешкі 8-де жабылады.
XS
SM
MD
LG