Accessibility links

Жапонияда торнадодан 1 адам өліп, 30-ы жараланды


Дауылдан қашқан токиолықтар. 3 сәуір 2012 жыл. Көрнекі сурет.
Дауылдан қашқан токиолықтар. 3 сәуір 2012 жыл. Көрнекі сурет.
6 мамыр күні Жапонияның шығыс жағалауын алапат торнадо аралап өтті. Табиғи апаттың кесірінен бір адам өліп, 30 адам жараланды және мыңдаған тұрғын жарықсыз қалды.

Торнадо Токиодан 60 шақырым жерде орналасқан Цукуба қаласына зор зиян шектірді. Жергілікті полицияның айтуынша, 14 жастағы жасөспірім қатты жараланып, ауруханада көз жұмған.

Tokyo Electric Power компаниясының мәлімдеуінше, 24 мың үй күшті дауылдан кейін электр қуатынан ажырап қалды. Жапонияның метереологиялық қызметі дауыл басталмай тұрып тұрғындарға ескерту жасаған.
XS
SM
MD
LG