Армениядағы парламент сайлауында президент Серж Саргсяннің республикалық партиясы жеңіске жетті.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Тигран Мукучянның хабарлауынша, президенттің партиясы сайлауда 45 пайыз дауыс алған. Басқарушы партияның үкіметтегі коалициясына кіретін екінші партия - "Бақуатты Армения" 31 пайыз дауыс алып, екінші орында тұр.
Ал оппозициялық Армения революциялық федерациясы мен Арменияның ұлттық конгресі партиялары 5 пайыздан дауыс жинап, парламентке өтуге қажетті 7 пайыздық межеден аса алмаған.
Армян ұлттық конгресі заң бұзушылық көп болды деп сайлау нәтижесін теріске шығарды. Партияның үйлестірушісі Левон Зурабян оппозициялық күштердің 8 мамырда Ереванда шеру өткізетінін хабарлады.