Accessibility links

Путин Медведевті премьерлікке ұсынды


Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) бұрынғы президент Дмитрий Медведевпен бірге инаугурация кезінде. Мәскеу, 7 мамыр 2012 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) бұрынғы президент Дмитрий Медведевпен бірге инаугурация кезінде. Мәскеу, 7 мамыр 2012 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин Кремльдегі инаугурациядан соң қызметіне кірісе салысымен премьер-министр қызметіне Дмитрий Медведевтің кандидатурасын ұсынды. Медведевтің кандидатурасы мемлекеттік думаның қарауына түсті.

Путин өзінің сайлауалды кампаниясында президент болып сайланса, Медведевті премьерлік қызметіне ұсынатынын айтқан болатын.

Сейсенбіде мемлекеттік думаның кезектен тыс жиыны болады. Онда Владимир Путин депутаттарға Медведевті премьерлік қызметіне арнайы ұсынады. Дүйсенбіде үкіметті уақытша басқарып келген Виктор Зубков пен барлық министрлер кабинеті Путиннен отставкаға жіберуді сұрады.
XS
SM
MD
LG