Accessibility links

ЦРУ террористік топ жоспарын әшкереледі


АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының логотипі. Көрнекі сурет.
АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының логотипі. Көрнекі сурет.
Вашингтон Орталық барлау басқармасының (CIA - ЦРУ) "Әл-Қаида" ұйымымен байланысы бар Йемендік топтың АҚШ-қа тиесілі ұшақты жармақ болған жоспарын әшкерелегенін растады.

Федералдық тергеу бюросының сарапшылары топтан тәркіленген жарылғыш құрылғының 2009 жылы желтоқсанда нигериялық Омар Фарух Абдулмуталлабтың Детройттан ұшып шыққан ұшақты жару үшін қолданған бомбасына ұқсас екенін анықтаған. Сарапшылар "ол құрал "Әл-Қаида" террористері Арабия жарты аралына жасаған шабуыл кезінде қолданған механизмдермен бірдей" дейді.

Ақ Үй өкілі Кэтлин Хейденнің мәлімдеуінше, президент Барак Обамаға жарылыс жасау жоспарының әшкереленгені туралы сәуірде хабарланған.
XS
SM
MD
LG