Accessibility links

Израильде мерзімінен бұрын сайлау өтпейтін болды


Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху.
Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху.
Израиль президенті Шимон Перес "премьер-министр Беньямин Нетаньяхудің елдегі басты оппозициялық партиямен коалициялық үкімет құруға келіскенін, сондықтан мерзімінен бұрын сайлау өтпейтінін" растады.

Нетаньяху мен оппозициялық "Кадима" партиясының жетекшісі Шауль Мофаз кеңейтілген біріккен үкімет құрып, Мофаз вице-премьер болуға келіскен.

Сарапшылар бұл өзгеріс Израильдің Иранға қатысты ұстанымын өзгертуі мүмкін деген болжам айтады. Себебі Израильдің бұрынғы қорғаныс министрі Шауль Мофаз Иранның ядролық нысандарына соққы беруге ашық қарсы шыққан.
XS
SM
MD
LG