Accessibility links

Ахмедьяровқа шабуыл жасады деген сезіктілер ұсталды


"Уральская неделья" газетінің тілшісі Лұқпан Ахмедьяров.
"Уральская неделья" газетінің тілшісі Лұқпан Ахмедьяров.
Батыс Қазақстан облысына қарасты аудандардың бірінде "Уральская неделья" газетінің тілшісі Лұқпан Ахмедьяровқа қарулы қастандық жасады деген бірнеше сезікті ұсталды деп хабарлайды "Интерфакс Қазастан" агенттігі.

Агенттіктің дерегіне қарағанда, сезіктілерді арнайы құрылымның қызметкерлері ұстаған. Құқық қорғау органдарындағы аты-жөні аталмаған адамның айтуынша, "ұсталғандар журналиске тапсырыс бойынша шабуылдағандарын мойындаған". Қазір тапсырыс берген адам анықталып жатыр.

Лұқпан Ахмедьяровты Оралда 19 сәуір күні түнге қарай үйінің алдында белгісіз екі адам тапаншамен атып, артынан бірнеше жерінен пышақтап кеткен еді. Ахмедьяров ауыр жағдайда ауруханаға түсіп, аман қалды. Ол шабуылды өзінің кәсіби қызметімен байланыстырады.

Полиция кейін бұған қатысты "қасақана кісі өлтіру үшін шабуыл жасады" деген іс қозғаған. Ал халықаралық құқық қорғау және журналистік ұйымдары Қазақстан билігін шабуылға кінәлілерді тауып, жазалауға шақырған болатын.
XS
SM
MD
LG