Accessibility links

Обама Ақ үйде НАТО бас хатшысын қабылдайды


НАТО-ның Чикаго саммитіне арналған логосы. 2012 жыл
НАТО-ның Чикаго саммитіне арналған логосы. 2012 жыл
АҚШ президенті Барак Обама бүгін НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссенді қабылдайды. Бұл кездесу НАТО-ның осы айда өтетін Чикаго саммиті қарсаңында болмақшы.

НАТО таратқан хабарламада айтылғандай, Расмуссен Вашингтонда АҚШ Сенатының сыртқы байланыстар жөніндегі комитет мүшелерімен де кездесуді жоспарлаған.

Ақ үй Обама мен Расмуссен мамырдың 20-21 күндері Чикагода өтетін саммитке дайындық мәселесін талқылайды деген. Ол саммитте Ауғанстандағы халықаралық күштерді 2014 жылдың соңына дейін шығару мәселесі қаралмақ.

Ауғанстанда НАТО бастаған 130 мың жасақ жергілікті 350 мың ауған күштерімен бірге Талибан мен әл-Қаида бүлікшілеріне қарсы күресіп келеді.
XS
SM
MD
LG