Қырғызстанның шекара сақшыларының басшысы Закир Тіленовтың айтуынша, елде шекара сақшыларына арналған алты орталық тұрғызуға АҚШ қолдау танытып отыр.
Қырғызстан шекара күзетшілеріне арналған барак, елдің оңтүстігіндегі шекара қызметіне арналған аймақтық орталық және жаңа бақылау бекеттерін салуды жоспарлап отыр.
Бұл хабарды Азаттықтың қырғыз қызметіне берген сұқбатында Бішкектегі АҚШ елшілігінің ресми өкілі де растады. Ол Вашингтонның "бұл салаға қолдау көрсететінін" айтты, бірақ мекемелерді тұрғызуға қандай қаржылық қолдау болатынын жарияламады.