Accessibility links

Дамаскіде жарылыстардан бірнеше адам қаза тапты


Дамаскіде жарылыс болған аудан. Сирия, 10 мамыр 2012 жыл.
Дамаскіде жарылыс болған аудан. Сирия, 10 мамыр 2012 жыл.
Дамаскіде бейсенбіде таңертең екі күшті жарылыс болып, бірнеше адам қаза тапты, ондаған адам жараланды.

Жарылыстар қаланың оңтүстігінде бір мезетте болған. Лондонда орналасқан Сириялық құқық қорғау тобының хабарлауынша, жарылыстар арнайы қызмет адамдарына қарсы жасалған. Жергілікті тұрғындар Reuters агенттігіне жарылыс болған ауданда әскери барлау қызметінің ғимараты орналасқанын айтады.

Ал мемлекеттік телеарналар жарылысқа "террористер" кінәлі деп хабарлап жатыр. Сирия үкіметі террористер деп көтерілісшілерді атайды.

Жарылыс болған жерге Сириядағы БҰҰ бақылаушылар миссиясының басшысы Роберт Моод барды.

Дамаск БҰҰ-ның арнайы өкілі Кофи Аннанның қақтығысты реттеу туралы жоспарымен келіскеніне қарамастан, Сирияда зорлық-зомбылық әлі жалғасып жатыр.
XS
SM
MD
LG