Иран суретшілері мен ондаған ақпарат агенттіктері суретші Махмуд Шокрайға карикатурасы үшін үкім шығарған соттың ісін айыптады. Парламент депутаты Ахмад Луфти Аштианиды футболшы қылып карикатура салғаны үшін суретші Шокрайға 25 дүре соғу үкімі кесілген. Спорт саясатына жиі араласа беретін депутат "карикатура өзінің ар-намысына тигенін" айтқан.
Иранда саясаткерлерге қатысты, оның ішінде президент Махмуд Ахмединежадты бейнелейтін карикатуралар көптеп салынады. Ирандық бірқатар карикатурашылар өз наразылықтарын Аштианиды мысқылдап тұрған карикатура салу арқылы білдірді.
Азаттық радиосының Иран қызметіне берген сұхбатында петицияны ұйымдастырған карикатурашы Мана Нейестани сот үкімін "қауіпті құбылыс" деп атады.