Accessibility links

Тәжікстан: Өзбекстан ислам қозғалысының командирі ұсталды


Өзбекстан ислам қозғалысының жауынгерлері. Аунғастан, Құндыз уәлаяты. Көрнекі сурет.
Өзбекстан ислам қозғалысының жауынгерлері. Аунғастан, Құндыз уәлаяты. Көрнекі сурет.
Тәжікстан билігі Хатлон облысында елде тыйым салынған Өзбекстан ислам қозғалысының (ӨИҚ) аймақтық жетекшісі мен оның екі көмекшісінің тұтқындалғанын хабарлады.

39 жастағы Зилмурод Ешонхоновты Тәжікстан билігі қозғалыстың аймақтық командирі деп танып отыр. Ешонхонов осы жылдың басында Пәкістаннан экстрадицияланған ӨИҚ-ның мүшесі деген сезіктіден алынған мәлімет бойынша ұсталған. Ұсталғандардың барлығы Қызыл Нишон қыстағының тұрғындары.

Осы қыстақтың екі тұрғыны ақпан айында ӨИҚ-ға қатысы бар деген айыппен ұзақ мерзімге сотталған болатын.

"Әл-Қаида" және Талибан ұйымдарымен байланысы бар делінетін ӨИҚ Орталық Азияда ислам халифатын құруды көздейді.
XS
SM
MD
LG