Accessibility links

2011 жылы мерт болған 70 журналисті еске алады


Әзербайжандық журналист және жазушы Рафиқ Таги марқұм. Баку, 24 қараша 2011 жыл.
Әзербайжандық журналист және жазушы Рафиқ Таги марқұм. Баку, 24 қараша 2011 жыл.
Вашингтондағы журналистика мен жаңалық мұражайында 2011 жылы мерт болған 70 журналисті дүйсенбі күні еске алады.

Арнайы қабырғаға Азаттық радиосы Әзербайжан қызметінің былтыры қаза тапқан журналисі Рафиқ Тагидің де есімі жазылды.

Алпыс жастағы Таги беймәлім біреулердің шабуылынан кейін Бакудегі ауруханада көз жұмған. Таги қастандыққа өзінің Ирандағы адам құқы жайлы жазған мақалалары себеп болғанын айтқан.

Қаза тапқан журналистер тізімінде өткен жылы тілшілер үшін ең қауіпті ел атанған Ирак пен Пәкістанда көз жұмған 14 адамның да аты-жөні бар. Ауған журналистері, Дағыстанда мерт болған Ресей тілшілері де осы тізімге енді.
XS
SM
MD
LG