Accessibility links

Әндіжан оқиғасының 7 жылдығында HRW мәлімдеме жасады


АҚШ президенті Барак Обама. АҚШ, 9 мaмыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
АҚШ президенті Барак Обама. АҚШ, 9 мaмыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Voice of America ақпарат құралының хабарлауынша, 2012 жылы 13 мамырда Өзбекстандағы Әндіжан оқиғасына жеті жыл толды және осыған орай Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы АҚШ пен Еуропа Одағын Өзбекстанмен ара қатынастарын қайта қарауға шақырған.

HRW мәлімдеуінше, Әндіжан оқиғасында қаза тапқандар саны әлі белгісіз. Ташкент халықаралық тергеуден бас тартқан. Шенеуніктер мен әскерилер заң алдында әлі жауап бермей отыр.

2005 жылы 13 мамырда Әндіжан қаласында алаңға шыққан жұртқа Өзбекстан полициясы оқ жаудырып, ресми дерек бойынша 187 адам қаза тапқан.

Мәлімдемеде «Еуроодақтың Өзбекстанмен қатынастарды тереңдетуге әзір болуы - Одақтың автократиялық режимдерге деген көзқарасына қайшы келеді. Ал Обама Өзбекстанға көмек көрсету туралы шешім қабылдады» деп жазылған. «Вашингтон, Брюссель және Берлин бұл елмен стратегиялық әріптес болмауы тиіс» дейді ұйымның өкілі Хью Уильямсон.

Халықаралық Freedom House ұйымының мәліметі бойынша, Өзбекстан - адам құқықтары ең нашар қорғалатын жеті елдің бірі.
XS
SM
MD
LG