Accessibility links

"Қарсылық күні" қамалғандар босап шықты


15 тәулікке қамалған «Ар.Рух.Хақ» ұйымының жетекшісі Бақытжан Төреғожина.
15 тәулікке қамалған «Ар.Рух.Хақ» ұйымының жетекшісі Бақытжан Төреғожина.
15 тәулікке қамалған «Ар.Рух.Хақ» ұйымының жетекшісі Бақытжан Төреғожина мен азаматтық белсенді Лариса Бояр, оппозиция белсендісі, суретші Қанат Ибрагимов 13 мамырда бостандыққа шықты.

Бақытжан Төреғожина мен Лариса Бояр 2012 жылы 28 сәуірде Алматыда өткен «Қарсылық жиынына» «белсенді түрде қатысқаны үшін» қамауға алынған еді. 15 күндік әкімшілік жазасын өтеп шыққан Бақытжан Төреғажина:

- Мені сәуірдің 28-інде, Алматыдан 60 шақырым жерде Кеңдала елді мекенінде ұстады. Заң бойынша азаматты жасаған қылмысы үшін жауапқа тартады. Ал мен осымен төртінші рет митингіге «жете алмай» жазаланып отырмын, - деді.

"Біздегі судьялар сауатсыз" деген Бақытжан Төреғожина:

- Судьялар қарапайым әкімшілік кодексті білмейді. Менімен бірге жазасын өтеген әйелдер арасында кәмелеттік жасқа жетпеген екі баласы бар әйел мен 61 жастағы қарт кісі болды. Әкімшілік кодексте кәмелеттік жастағы баласы бар аналар мен зейнет жасындағылар қамауға алынбайтыны көрсетілген, - дейді.

«Жалпы денсаулығы мен көңілі күйім жақсы» деген Бақытжан Төреғожина, «мені өлтіріп тастамаса, райымнан қайтару мүмкін емес» дегенді айтты.
XS
SM
MD
LG