Accessibility links

Америкалық Yahoo интернет корпорациясының басшысы Скотт Томпсон резюмесінде білімі туралы мәліметін дұрыс көрсетпегені үшін туындаған жанжалдан соң отставкаға кетті.

Резюмедегі "қателікті" Yahoo корпорациясы акционерлерінің бірі Даниел Леб байқап қалған. Оның айтуынша, Скотт Томпсонның компьютерлік технологиялар саласында резюмесінде көрсеткендей ғылыми дәрежесі жоқ. Компания өкілдері Даниел Лебтің сөзін растаған.

Томпсонның орнына бас директор болып корпорацияның медиа департаментінің жетекшісі Росс Левинсон тағайындалды.

AzattyqTV

Макронмен кездесу

Путин санкцияны айтты

XS
SM
MD
LG