Accessibility links

Қырғызстанда селден 1 адам қаза тапты


Жалалабад облысының Әбдірайымов ауылында болған су тасқыны. Қырғызстан, 12 мамыр 2012 жыл.
Жалалабад облысының Әбдірайымов ауылында болған су тасқыны. Қырғызстан, 12 мамыр 2012 жыл.
Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош, Баткен және Жалалабад облыстарында сенбіде нөсер жауыннан соң жүрген селден бір адам қаза тапты.

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, селден мыңдаған үй мен бизнес орындары бұзылған. Жолдар мен суландыру каналдары және көпірлер де бүлінген.

Селден келген шығынның нақты сомасы әлі белгісіз.
XS
SM
MD
LG