Accessibility links

Ресей өкілі: "Орталық Азияда ЖІӨ-нің 40 пайызы қылмыстық жолмен келеді"


Ресейдің федералдық есірткі айналымымен күрес қызметінің басшысы Виктор Иванов.
Ресейдің федералдық есірткі айналымымен күрес қызметінің басшысы Виктор Иванов.
Ресейдің федералдық есірткі айналымымен күрес қызметінің басшысы Виктор Иванов "Орталық Азия елдерінің жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) 40 пайызы қылмыстық жолмен, оның ішінде басым бөлігі есірткі саудасынан түсетін кірістен құралады" деп мәлімдеді.

Есірткіге қарсы бағдарламаны дайындау және оны іске асыру туралы үкімет комиссиясының отырысында сөйлеген Иванов есірткі тасымалданатын елдердің экономикасындағы қылмыстық әрекеттерді тыйып, оларға "дұрыс экономика" құру қажеттігін айтты.

Ол бұған қоса Ресей үкіметі Орталық Азия елдеріне енгізгелі отырған, есірткіге қарсы күреске бағытталған 22 бағдарламаны атап өтті. Виктор Иванов "Аймақтағы жағдайдың жақсаруының негізі - өмір сүру сапасының оңалуында жатыр" деген пікір айтып, ресейлік инвесторларды Орталық Азия аймағында белсенді жұмыс істеуге шақырды. "Инвесторлар бұл тұста Ресей билігінің қолдауына ие болады" дейді Виктор Иванов.
XS
SM
MD
LG