Грекияда социалистер жетекшісі Евангелос Венизелостың мәлімдеуінше, елде коалициялық үкімет құрудың соңғы әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Енді келесі айда қайтадан жаңа сайлау болады.
Сәрсенбіде Афинада партиялар жетекшілерінің кездесуі өтеді. Кездесуде келесі сайлауға дейін елді уақытша басқара тұратын министрлер кабинеті жасақталады.
6 мамырда өткен сайлауда ешқандай партия басым көпшілік дауыс ала алмады. Ал жеңген партиялар коалициялық үкімет құра алмай отыр. Өйткені олардың Еуропа Одағы (ЕО) мен Халықаралық валюта қорының Грекияны қаржы дағдарысынан сақтап қалу үшін беретін көмегі мен бюджетті қысқарту шараларына қатысты ұстанымдары әртүрлі.
Бұл жағдай қаржы нарығына кері әсер етіп, "Грекия ЕО құрамынан шығуы мүмкін" деген әңгімелер тудырды.