Accessibility links

"ОккупайАбай" акциясының 20 белсендісі тұтқындалды


Мәскеудің Басман аудандық соты "ОккупайАбай" акциясына қатысты отырыс кезінде. Мәскеу, 15 мамыр 2012 жыл.
Мәскеудің Басман аудандық соты "ОккупайАбай" акциясына қатысты отырыс кезінде. Мәскеу, 15 мамыр 2012 жыл.
Мәскеуде Чистые пруды аймағында "ОккупайАбай" наразылық акциясын өткізіп жатқан оппозиция белсенділерін тарату кезінде полиция 20 адамды тұтқындады.

Ресей ішкі істер министрлігінің мәскеулік өкілінің хабарлауынша, белсенділер аймаққа тігілген лагерьлерді өз еріктерімен тастап кетуден бас тартқан. Қазір оларды заң бойынша жауапқа тарту жайы қарастырылып жатыр.

Қазір Абай ескерткішінің маңында ешкім қалған жоқ.

Сәрсенбі күні таңертең полиция "ОккупайАбай" акциясына қатысушылардан лагерлерді тастап кетуді талап еткен болатын. "Сопротивление: символика Street-Art" қозғалысының өкілі Алиса Образцованың айтуынша, белсенділер акцияны жалғастыра беруге бекініп отыр.

Сейсенбіде Мәскеу соты қала билігін ескерткіш маңындағы оппозициялық лагерьлерді алып тастауға міндеттеген.
XS
SM
MD
LG