Accessibility links

Степногорскідегі шахтада кенші қаза тапты


"Қазақмыс" корпорациясының кәсіпорны. Көрнекі сурет.
"Қазақмыс" корпорациясының кәсіпорны. Көрнекі сурет.
Ақмола облысының Степногорск қаласында "Қазақалтын" компаниясының алтын өндіретін шахтасында бір кенші қайтыс болды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, компанияның "Батыс" шахтасында кенші, 1978 жылы туған осы облыс азаматының сүйегі табылған. Алдын-ала болжамдарға қарағанда, кенші улы газ тиіп, қайтыс болған.

Қазір сот-медициналық сараптама жасалып жатыр.
XS
SM
MD
LG