Accessibility links

Қуғындағы өзбек имамына қатысты сот басталады


Обид-қори Назаров.
Обид-қори Назаров.
Осы аптада Швецияда қуғындағы танымал өзбек имамы, 50 жастағы Обид-қори Назаровқа шабуыл жасады деп айыпталған Өзбекстанның екі азаматына қатысты сот басталады. Бұл туралы Азаттық радиосына Швеция прокуроры Кристер Петерсон хабарлады.

Обид-қори Назаровқа ақпан айында Стромсунд қаласында белгісіз біреулер шабуыл жасаған еді. Ол үш жерінен жараланып, әлі ауруханада жатыр.

Швеция билігі Назаровқа 2006 жылы саяси баспана берген болатын. Оның өзбектер арасындағы беделі жоғары, Ислам Каримвтың ең күшті қарсыласы болып саналады.
XS
SM
MD
LG