Accessibility links

Оппозиция лагері фестиваль мәртебесін алуы мүмкін


Мәскеуде оппозиция метроның "Баррикадная" стансасында акция өткізіп жатыр. Мәскеу, 16 мамыр 2012 жыл.
Мәскеуде оппозиция метроның "Баррикадная" стансасында акция өткізіп жатыр. Мәскеу, 16 мамыр 2012 жыл.
Мәскеуде Чистые пруды аймағынан Пресненск ауданының Кудринск алаңына көшірілген оппозиция лагері фестиваль мәртебесін алуы мүмкін. Бұл туралы бейсенбіде ауданның муниципалды кеңесінің депутаты Елена Ткачтың сөзіне сілтеген "Коммерсант" басылымы жазды.

Басылым бейсенбіде лагерьді ұйымдастырушылар - мемлекеттік дума депутаттары Сергей Понамарев пен Дмитрий Гудков және оппозиция өкілі Илья Яшин фестиваль ұйымдастыру жайында Елена Ткачпен сөйлеспек.

"Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, Кудринск алаңындағы акцияға қатысып жатқан кейбір оппозиционерлер Никитск бульварына көшуді ұсынған. Олар мұны Чистые пруды бульварынан шығарылған кезде кейбір заттарының жоғалып кеткенімен түсіндіреді. Бірақ басқалары акцияны Кудринск алаңында жалғастыра беруге бекініп отыр.

Сәрсенбіде Кудринск алаңында оппозицияның 30 жақтасы тұтқындалған болатын. Олардың арасында "Солидарность" қозғалысының жетекшісі Илья Яшин де бар.

Шексіз азаматтық наразылық акциясы 7 мамыр - Владимир Путиннің Ресей президенті қызметіне кіріскен күннен бастап өтіп келеді.
XS
SM
MD
LG