Accessibility links

Тәуелсіз қазақ қаламгерлері одағы құрылды


Maza.kz сайтының редакторы, журналист Ардабек Солдатбай.
Maza.kz сайтының редакторы, журналист Ардабек Солдатбай.
Алматыда "Тәуелсіз қазақ қаламгерлері одағы" құрылды деп хабарлайды Азаттық радиосына одақтың үйлестірушісі, журналист Ардабек Солдатбай.

Азаттық тілшісіне сұхбатында Ардабек Солдатбай "Одақтың басты мақсаты - қазақ интеллигенциясының қоғамды алға сүйреуші күш ретіндегі қызметін қайта қалпына келтіру. Одақ қандай да бір билікке жетуді, я оппозиция болуды көздемейді. Кез келген демократиялы қоғамдағы секілді журналистиканы және өзге де сөз сөз иелерін шын дәрежесіндегі үшінші күшке айналдырумыз керек" деді.

Ұйымдастырушылар таратқан мәлімдемесінде "Ресейде Навальный секілді виртуальды журналистер, Акуниндей жазушылар ел мүддесін ойлап жатқанда, қазақ зиялыларының үн-түнсіз, бұғып жатқанын" айтып, тәуелсіз қазақ қаламгерлері одағын құруды жөн санағандарын жазған.
XS
SM
MD
LG