Бейсенбіде Қарағанды қаласының тұрғыны Ғалым Әкімбеков облыстық ішкі істер департаментінің алдында жалғыз өзі наразылық пикетін өткізді. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Әкімбековтің өзі хабарлады.
Айтуынша, ол пикетті Жаңаөзенде полицияның халыққа оқ атуы мен тұтқындарды азаптауына наразылық ретінде өткізген. Пикетте ол қолына "Жаңаөзен: ату мен азаптауға қарсымын" атты плакат ұстап шыққан.
"Бес минуттай тұрған соң департаменттен полицей шығып, ол жерде пикет өткізуге болмайтыны туралы ескертті. Одан соң Қазыбек би ауданының әкімдігі мен прокуратура өкілдері келіп, ол пикет өткізуге болмайтыны туралы ережені оқып берді. Осыдан соң пикетті тоқтаттым" дейді ол.