Accessibility links

Украинада конституциялық ассамблея құрылды


Украина президенті Виктор Янукович.
Украина президенті Виктор Янукович.
Украина президенті Виктор Янукович президент жанындағы жаңа көмекші орган - конституциялық ассамблея құру туралы жарлық шығарды. Ассамблеяның қызметі - ел конституциясына өзгерістер енгізуге дайындық жасау.

Конституциялық ассамблеяның құрамына құқық пен заң саласында жүрген ғалымдар мен мамандардан 94 адам кіруі тиіс.

Жарлықта ассамблея төрағасы қызметіне елдің бұрынғы президенті Леонид Кравчук, ал оның орынбасарлығына Украина ұлттық ғылым академиясы жанындағы Корецкий атындағы мемлекет және құқық институтының ректоры Юрий Шемшученко ұсынылған.

Саяси партияларға да ассамблея жұмысына қатысуға ұсыныс жасалған.
XS
SM
MD
LG