Accessibility links

Грузияда гей белсенділеріне шабуыл жасалды


Тбилисиде гей белсенділері мен православиелік бағытты ұстанатын белсенділердің жанжалы. Грузия, 17 мамыр 2012 жыл.
Тбилисиде гей белсенділері мен православиелік бағытты ұстанатын белсенділердің жанжалы. Грузия, 17 мамыр 2012 жыл.
Грузияның гомосексуализмге қарсы православиелік бағыттағы 200 белсендісі бейсенбіде Тбилисиде халықаралық гомофобия мен трансфобияға қарсы күрес күнін атап өтіп жатқан гей белсенділеріне шабуыл жасап, екі жақ арасында қақтығыс болды.

Полиция "Православие ата-аналарының ұйымы" мен гейлердің құқықтарын қорғаушы белсенділердің қақтығысын тоқтатуға мәжбүр болды. Қақтығыста ешкім жараланған жоқ.

Тбилиси қаласының басшылығы үкіметтік емес ұйымдар мен гейлердің құқықтарын қорғаушы белсенділердің жиын өткізуіне тыйым салған болатын.

Бейсенбіде грузиялық омбудсмен Георгий Тугуши грузия қоғамын, ақпарат құралдары мен саясаткерлерді елдегі гей, трансгендер, гомосексуалдарға түсіністікпен қарауға шақырған.
XS
SM
MD
LG