Accessibility links

Пан Ги Мун Сириядағы жарылыстарға "Әл-Қаиданы" айыптады


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун өткен аптада Дамаскіде 55 адам құрбан болған жарылыстарға "Әл-Қаида" ұйымының сарбаздарының қатысы бар деп санайды.

Пан Ги Мунның сөзінше, аймақта террористердің пайда болуы мен олардың Сириядағы қақтығыстарға араласуы "үлкен проблема тудырды".

Сирия билігі де жарылыстарды "Әл-Қаида" ұйымы ұйымдастырды деп отыр. Ресми Дамаск көтерілісшілерді террористермен байланысы бар деп санайды.

Таяуда ғана Сирия үкіметі тұтқындалған 26 шетелдіктің аты-жөнін жариялады. Билік оларды "үкімет күштеріне қарсы соғысқандар, оның ішінде 20-сы - "Әл-Қаиданың" сарбаздары" деп атады.

Ал оппозиция керісінше Сирияның арнайы қызметі "Әл-Қаидамен" жасырын келісім жасасып, елде террор ұйымдастырып отыр деп айыптайды.

Сирияда сәуір айында қақтығысушы екі жақ ұрысты тоқтату туралы келісімге келгенімен, елде қақтығыс тыйылмай, бейбіт азаматтар құрбан болып жатқаны туралы ақпараттар күн сайын айтылады.
XS
SM
MD
LG