Accessibility links

"Қарсылық жиынына" барған журналиске айып салынды


Талдықорғанның әкімшілік соты "Взгляд" газетінің штаттан тыс тілшісі Наталья Нұрлановаға 28 сәуірде Талдықорғанда болған "Қарсылық жиынынан" хабар таратқаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (80 мың 900 теңге) айыппұл салды. Бұл туралы тәуелсіз "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау ұйымы хабарлады.

Ұйымның хабарына қарағанда, полиция тілшіні акцияға қатысушы деп санап, Талдықорғанның әкімшілік сотына әкеткен.

Судья Нұрланованы акцияда "ешқандай суретке, видеоға түсірген жоқ, заңсыз өткізілген жиынға қатысушылармен амандасты, өзін еркін ұстады" деп тапқан.

17 мамырда облыстық апелляциялық сот әкімшілік соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.
XS
SM
MD
LG