Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаған, әлемдегі ең жас миллиардер Марк Цукерберг 26 жасар Присцилла Чанға үйленді деп хабарлайды BBC.
Сенбі күні Цукерберг әлеуметтік желідегі өзі жайлы мәліметке "үйленген" деген ақпарат қосқан.
Цукербергтің әйелі Присцилла Чан Калифорния университетінің (АҚШ) медицина факультетін бітірген. Жас жұбайлар тоғыз жыл бұрын Цукерберг оқыған Гарвард университетінде (АҚШ) танысқан.
Ресейлік ria.ru сайтының хабарлауынша, үйлену тойы Цукербергтің үйінде өткен, тойға 100 шақты қонақ келген. Бұл күні Цукерберг 28-ге толған.
Facebook әлеуметтік желісі интернет кеңістігінде 2004 жылы ақпанның 4-і пайда болды. Facebook желісінің иесі Марк Цукерберг бастапқыда бұл ресурсты Гарвард студенттерінің арасындағы қарым-қатынас құралы ретінде ойлап тапқан. 845 миллионов адам қолданатын Facebook қазір әлемдегі ең ірі әлеуметтік желіге айналды.