Accessibility links

Мәскеуде "ОккупайАрбат" белсенділері тұтқындалды


Оппозиция лагеріне түн ішінде келген ОМОН сарбаздары. Мәскеу, 16 мамыр 2012 жыл.
Оппозиция лагеріне түн ішінде келген ОМОН сарбаздары. Мәскеу, 16 мамыр 2012 жыл.
Мамырдың 20-сі түн ортасында Мәскеудегі Болат Окуджава ескерткішінің маңындағы "ОккупайАрбат" лагерінің ондаған белсендісі тұтқындалды деп хабарлайды BBC.

BBC ақпараты бойынша, түнгі сағат екілер шамасында ОМОН ескерткіш жанында наразылық танытып, түнеп жатқан оппозиция белсенділерін оятып, полиция көлігіне отырғызған.

Аталған ақпарат құралы Twitter-де "Қазір ғана Окуджава ескерткішінің қасында ұйықтап жатқандарды тұтқындады. Әзірге лагерь Ескі Арбатта қалды. Адамдардың біразы Курскідегі Сахарницаға көшті" деген жазбаның сенбіден жексенбіге қараған түні пайда болғанын хабарлады.

"Халық серуендеріне" қатысып жүрген Вадим Дергачев атты белсендінің мәліметі бойынша, таңертеңге тақау "ОккупайАрбат" лагерінде шамамен 150 адам қалған. Дергачев "Окуджава ескерткішінің қасындағы лагерь әлі толық таратылған жоқ" деген.

"РИА Новости" агенттігінің ақпараты бойынша, ОМОН сенбі күні алдымен метроның Баррикадный бекеті маңы мен Никитский бульварынан, содан кейін Ескі Арбаттан 50 шақты адамды ұстаған.

Мұның алдында, 13 сәуірде Мәскеуде "халық серуеніне" жазушылар қосылып, 20 мыңдай адам қатысқан наразылық шарасы өткен болатын.
XS
SM
MD
LG