Accessibility links

Қытай диссиденті Чэнь Гуанчен АҚШ-қа жетті


Чень Гуанчен АҚШ елшілігінде отыр. Пекин, 2 мамыр 2012 жыл.
Чень Гуанчен АҚШ елшілігінде отыр. Пекин, 2 мамыр 2012 жыл.

Қытайда қуғынға түскен заңгер-диссидент Чэнь Гуанчен 20 мамырда отбасымен АҚШ-қа ұшып келді. Бұл туралы BBC хабарлады.

Ақ үй Гуанченнің АҚШ-қа келгеніне қуанышты екенін мәлімдеген.

40 жасар зағип диссидентті Қытай билігі Шаньдун провинциясында үйқамақта ұстап отырған болатын. Сәуір айында ол үйінен қашып шығып, Пекиндегі АҚШ елшілігіне тығылған.

5 мамырда, АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның Қытайға жасаған сапары барысында Чэнь Гуанченге байланысты келіссөздер жүріп, екі елдің келісімі бойынша, диссидент отбасымен бірге АҚШ-қа кететін болған.

Вашингтон АҚШ-қа барған Гуанченге Нью-Йорк университетінің стипендиясын тағайындап отыр.

Чэнь Гуанчен Қытайдағы халықтың шамадан тыс көбеюіне байланысты биліктің әйелдерді жасанды түсік жасауға мәжбүрлейтіні мен оларды күштеп стерилизация жасайтынын мәлімдеп, наразылығын білдірген.

Диссидент 2006 жылдан 2010 жылға дейін түрмеде отырып, шыққан соң үйқамаққа алынған еді.

XS
SM
MD
LG