Accessibility links

НАТО саммитінде зымыранға қарсы жүйе мен Ауғанстан талқыланды


Чикагодағы НАТО саммитіне қатысып отырған АҚШ президенті Барак Обама (ортада), қорғаныс министрі Леон Панетта (сол жақта), НАТО-ның бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен (оң жақта). Чикаго, 20 мамыр 2012 жыл.
Чикагодағы НАТО саммитіне қатысып отырған АҚШ президенті Барак Обама (ортада), қорғаныс министрі Леон Панетта (сол жақта), НАТО-ның бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен (оң жақта). Чикаго, 20 мамыр 2012 жыл.
Чикагода (АҚШ) басталған НАТО саммитінде альянстың бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен "НАТО-ның зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің алғашқы радарлары Түркияда іске қосылды және ол қарсылас жіберген зымыранды қағып түсіруге дайын" деп мәлімдеді. Саммитке альянсқа мүше елдердің басшылары, Ауғанстан мен Пәкістанның президенттері де қатысты.

НАТО саммитінде сөйлеген Расмуссен "егер бәрі ойдағыдай орындалып жатса, 2022 жылға қарай бүкіл Еуропа мен АҚШ зымыранға қарсы қорғаныс жүйесімен жабдықталып бітетінін" айтты.

Бірақ Ресей ядролық арсеналына қарсы бағытталған деп, зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін орнатуға қарсы болып отыр. Бұған дейін Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Анатолий Антонов зымыранға қарсы жүйе ғаламдық стратегиялық балансты бұзатынын НАТО-ға ескертіп, оны ары қарай дамытпауға шақырған.

Андерс Фог Расмуссен "зымыранға қарсы жүйе Иран сияқты елдердің зымырандарынан қорғануға арналған" деп, Мәскеудің де ақыр соңында зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінде ынтымақтасуға келісетініне сенім білдірді.

Саммитте АҚШ президентімен кездескен Хамид Карзай Ауғанстандағы соғыстың аяқталып келе жатқанын айтты.
XS
SM
MD
LG