Accessibility links

Украинада ғалымдар наразылық танытты


Украина ұлттық ғылым академиясының қызметкерлері наразылық танытты. Киев, 24 мамыр 2012 жыл.
Украина ұлттық ғылым академиясының қызметкерлері наразылық танытты. Киев, 24 мамыр 2012 жыл.
Бейсенбіде Киевте Украина ұлттық ғылым академиясының 1 мыңға тарта ғылыми қызметкері ғылымға қаржылай қолдау көрсетуді талап етіп, үкімет үйінің алдында шеру өткізді.

Шерушілер "Ғылымға қолдау болмаса, мемлекет құлайды", "Ғылымнан аяған ақша бөтен елдің экономикасын дамытады" деген плакаттар ұстап шықты. Олар орталықтағы бірнеше көшені жауып, көлік қозғалысын бірнеше сағатқа тоқтатып тастады.

Ғылыми қызметкерлер ғалымдардың жалақының төмендігінен және мемлекеттен қолдау болмаған соң Украинадан жаппай АҚШ пен Ресейге кетіп жатқанын айтады.

Ұлттық ғылым академиясы кәсіподағының төрағасы Анатолий Широковтың айтуынша, үкімет биыл ғылым саласына ғалымдар сұрағаннан ондаған миллион АҚШ доларына аз қаржы бөлген.
XS
SM
MD
LG