Accessibility links

Назарбаев Нобель сыйлығы лауреаттарын марапаттады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 23 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 23 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейсенбіде Бесінші Астана экономикалық форумына қатысқан Нобель сыйлығының 11 лауреатын "Қазақстанның дамуына үлес қосқаны үшін" арнайы медалімен марапаттады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанға келген Нобель сыйлығының иегерлері - Роберт Манделл, Эдвард Прескотт, Джон Нэш, Эрик Маскин, Роберт Ауманн, Финн Кидланд, Кристофер Писсаридес, Мюррей Гелл-Манн, Ада Цонат, Сэр Ричард Джон Робертс және Кэрри Бенкс Муллис.

Назарбаев лауреаттармен өткізген жиында "Нобель сыйлығының 11 лауреатын қабылдау - Қазақстан үшін үлкен мәртебе" екенін айтты.

Нобель сыйлығы иегерлері соңғы үш-төрт күнде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Қазақ-Британ техникалық университетінде студенттерге түрлі тақырыптар бойынша дәрістер оқыды.
XS
SM
MD
LG