Accessibility links

Франция президенті Ауғанстанға барды


Франция президенті Франсуа Олланд.
Франция президенті Франсуа Олланд.
Францияның жаңа президенті Франсуа Олланд жұма күні бейресми сарапмен Ауғанстанға келді. Мұнда ол НАТО халықаралық коалиция күштерінің құрамындағы француз әскерилерімен кездеспек.

Ауғанстанға Франсуа Олландпен бірге елдің қорғаныс министрі Жан-Ив Ле Дриан мен сыртқы істер министрі Лоран Фабиус те келді. Сапар бірнеше сағатқа созылмақ және ол туралы қауіпсіздік мақсатында алдын ала хабарланбады.

Франсуа Олланд президент сайлауы қарсаңында Ауғанстандағы француз әскерін осы жылдың аяғына дейін жылдамдатып шығаруға уәде берген болатын. Қазір Ауғанстанда 3 мыңнан астам француз әскери қызметкері бар.
XS
SM
MD
LG